Жылдам оқу сайысы «Teз оқуды үйреніңіз»

12 тамызда «Балалар әдебиеті жылы» аясында С. Баязитов атындағы балалар оқу орталығында оқу белсенділігін дамыту мақсатында «Тез оқуды үйреніңіз» атты республикалық жылдам оқу сайысы өтті. Байқауға Павлодар қаласы мен Алматы қаласының мектеп оқушылары қатысты. Шара ZООМ платформасы арқылы онлайн режимде өтті.

Сайыскерлер көркем мәтіннің үзіндісін бір минут ішінде (60 секунд) тез және дауыстап оқып, қазылар алқасының сұрақтарына жауап беруі қажет болды. Оқу үшін «Алдар көсе хикаялары» кітабынан мәтіндер қолданылды. Балаларды бағалайтын негізгі критерий - буын немесе сөзді толық оқу, оқуда қателіктердің болуы, минутына сөздердің саны, мәнерлілік жағына көңіл аударылды. Павлодар қаласының №25 орта мектебінің оқушысы Абдулазиз Қалдыбай екінші орынды иеленіп, арнайы дипломды қанжығасына байлады. Қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.