Кітапханадағы қысқы демалыс

4 қаңтар күні С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында дәстүрлі «Кітапханадағы демалыс» бағдарламасы аясында кезекті кездесу өтті.

№11 орта мектептің 3-сынып оқушылары – «Сәлем, жаңа жыл!» көрмесінде ойындар ойнап жарысты. Дұрыс жауаптарды табу үшін әлем халықтарының Жаңа жыл тақырыбындағы ертегілерін еске түсіру керек болды. Ал барлық тапсырмалар көрмедегі кітаптар арасындағы түрлі-түсті конверттерде жасырылды. Ойын барысында командалар ертегінің атын тауып, ертегі атауларындағы қателерді түзетіп, оқыған үзінділері бойынша ертегі кейіпкерлерін атады. Шешуші кезеңде командалар пазл ойынын өткізді. «Жаңа жылдық қар адамы» пазлын жинады.

Алдағы демалыс күндерінде оқушылар үшін үстел ойындары бойынша шағын турнирлер, танымдық лото және Павлодар қаласы бойынша қызықты «саяхаттар», шеберлік сыныптары мен шығармашылық сабақтар, медиа сауаттылық бойынша тренингтер жоспарлануда.