ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 125 ЖЫЛ ТОЛДЫ

Бүгін ұлтымыздың ұлы тұлғасы – көрнекті ғалым, геолог, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толды. Ол – Қазақстан ғылымындағы геологиялық қызметтің негізін қалаушы, Қазақ ССР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, геологиялық ғылымдар институтын құрушы.

Сәтбаев Қаныш (шын аты Ғабдулғани) Имантайұлы 1899 жылы 12 сәуірде Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Оның есімі Қазақстанның өнеркәсібі мен ғылымының қалыптасу кезеңімен тығыз байланысты. Қ.И.Сәтбаев  ̶ Қазақстан жер қойнауының пайдалы қазбаларын, Жезқазғандағы мыс қорларын ашқан алғашқы қазақ геологы, Қазақстан Ғылым Академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, Кеңес Одағының шығыс республикаларынан шыққан КСРО Ғылым академиясының тұңғыш академигі, КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты, Мемлекеттік және Ленин сыйлықтарының лауреаты, төрт мәрте Ленин орденімен, 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды.

Қ. Сәтбаев ұлты үшін жасаған теңдесіз еңбегі, ғылыми мұрасы баға жетпес құндылығы деп айқын айта аламыз. Сондықтан да ұлы ғалымның есімі қазақ халқының тарихында алтын әріппен жазылған.