Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым күні облыстық кітапханада Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Елдіктің ерен рухы» - «Священные символы независимости» атты кітап көрмесі ашылды. Көрмеге ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейінгі қазақ мемлекеттілігінің рәміздерінің тарихына арналған ондаған басылымдар қойылды. Мемлекеттік рәміздерінің өндеуі мен тарихы, авторлары туралы әдемі безендірілген фотоальбомдар ұсынылды. ҚР ІІД оқу орталығының тыңдаушылары көрменің алғашқы келушілері болды. Кітапхана қызметкерлері рәміздердің маңызы, олардың құрылу тарихы туралы айтып берді. Қонақтарға Елтаңба, ту, әнұран туралы бейне көріністер көрсетілді.