«Әдеби студиядағы» кездесу

 24 қаңтар күні облыстық кітапханада екінші жыл қатарынан жұмыс атқарып жатқан «Әдеби студия» шығармашылық бірлестігінің шеңберінде ақын В.Высоцкийдің шығармашылығына арналған «Гражданственность поэзии В. Высоцкого» атты кездесу өткізілді.

Машина жасау колледжінің, Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінің, ПГПУ студенттері, дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп – интернатының оқушылары, Павлодар қ. ҚР ІІМ оқу орталығының тыңдаушылары ақын В.Высоцкийдің шығармашылығымен танысып, ақынның шығармашылығы туралы кітап көрмесінің материалдарын тамашалады. Іс-шараға шығармашылық қоғам өкілдері - О.Григорьева, Т.Корешкова, А.Азербаев, К.Симонов және М.Қожахметов қатысты. «Я не люблю..» авторлық әнінің бейнежазбалары пайдаланылды.