«Әжемнің ертегілері» жобасы

«Әжемнің ертегілері» жобасы жаз бойы онлайн режимінде жұмыс істеді. Ол жас және қарт ұрпақтардың ертегі – ойын іс-шараларына қатысуы арқылы шығармашылық байланысын қолдауға, отбасындағы ертегілерді оқу және айту дәстүрлерін жалғастыруға, сонымен бірге ата-әженің отбасындағы рөлін, ең алдымен рухани құндылықтардың аудармашысы ретінде анықтауға бағытталған.

Жобаға қатысушылар бес минуттан аспайтын шығармаларды: қазақ және орыс тілдеріндегі халық және әлем халықтарының ертегілері, қазақ және шетелдік авторлық ертегілерді өздері таңдап оларды немерелеріне оқыды.

Жобаға біздің әріптестеріміз – «Замандас-Павлодар» ҚҚ, «Соғыс және еңбек ардагерлері кеңесі», Қазақстан халықтары Ассамблеясы, «Нұрана» қоғамдық бірлестігі, «Ақсақалдар алқасы» ақсақалдар кеңесі, кітапхана оқырмандары, сондай–ақ павлодарлық жазушылар, ақындар, журналистер-О.Григорьева, С.Сатыбалдин, А.Колодин қатысып, балаларға арналған өз шығармаларын оқыды.

Енді біздің қорымызда 26 аудио ертегі бар, оларды кітапхананың ютуб-каналынан тыңдап, көре аласыздар.