
21 сәуірде Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні аясында «Наш очаг» клубының мерейтойлық отырысы болды, онда еңбек, тыл ардагері, клубты ұйымдастырушылардың бірі, клуб мүшесі В.И.Татариннің 80 жылдығы аталды. Бағбаншы көп жылдан бері жүзім және алма өсіруімен айналысып келеді. Ол «Каракоз», «Ольга», «Тукай», «Киш – миш» атты жүзім сорттарын жасап шығарды.
16 сәуірде облыстық кітапханада «Весенних капель перезвон, военной памяти поклон» атты «Истоки» музыкалық - әдеби клубының отырысы өтті.
16 сәуірде облыстық кітапхананың балалар бөлімінде«Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК жариялаған «Қош келдің, құстар елі!» қалалық акция шеңберінде М.К. Жапарханова (№42 ЖОМ) мен З.С. Жакупова (№15 ЖОМ) мұғалімдерінің қатысуымен «Біздің өлкенің құстарын білесің бе?» атты эко-сабақ өтті.
14 сәуірде С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада облыстық С.Торайғыров атындағы әмбебап ғылыми кітапхана жасаған «Павлодар өңірінің қазіргі кездегі авторлары» «QR-кітапхана (КУЭР) //qr.pavlodarlibrary.kz) жобасының тұсаукесері өтті. Бұл жоба ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Павлодар облыстық кітапхананың 120 жылдығына арналған.