«Табиғатты аяла» атты экологилық дәріс

16 қаңтарда   «Зеленая планета» лекторийінің «Табиғатты аяла» атты экологиялық дәрісі өтті.

«Триумф» инклюзивтік жастар театрының актерлері және «Домовята» театрлық шеберханасы Ж.Баженованың жетекшілігіндегі «Экологиялық сот» атты экоспектакль ұсынды.  

«Подари земле сад» қоғамдық қорының белгілі экологы, «Атамекен-Родина» ҚБ төрағасы Юрий Львович Гашек «Туған жер» бірегей экологиялық қонысы туралы айтып берді, онда 2004 жылдан бастап пікірлестер тобымен бірге, Павлодардан 40 шақырым жерде, жалаңаш далада ағаштар өсіріп, Даниловка ауылының маңындағы жерлерді игереді.

Оқушылар кейін тәлімбаққа отырғызылатын алхоры ағаштарының тұқымдарын отырғызу бойынша шеберлік-класына қатысты.

Шараға жалпы білім беретін мектеп оқушылары, колледж студенттері, кітапхана оқырмандары қатысты.