A- A A+

Құрметті оқырмандар! 2017 жылдың 25 қазанында сағ.:15.00-де облыстық кітапханада Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған «Азаттықты аңсаған Алаш» атты дөңгелек үстел өтеді. Сіздерді дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Сұлтанмахмұт Торайғыров – ХХ ғасырдың әйгілі ақыны, Абайдың рухан мирас қоры. Ол Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Әкесі-Әубәкір кедей болған, бірақ хат таныған адам. Бір жасында анадан жетім қалды

Өмірінің қиындығына қарамай әкесі жастайынан ұлына сабақ үйретуге уақыт бөлген.

1902 жылы әкесі ауыл мектебіне баласын алып келді, онда молладан дәріс алды. Сұлтанмахмұт осы мектепте 5 жыл оқыды мұнда іслам діннің бастамаларын танып, ақындыққа бет бұрды.

14 жасында Сұлтанмахмұт алғашқы өленің жазды, өлеңде айналадағы адамдардың портреттері өткір ой, шебер сөзбен бейнеленді.

1908-1910 жылдары бозбала Баянауыл медресесінде дәрісін жалғастыра отырып, орысша үйренуді армандаған еді.

Арманнын іске асыру ойымен 1912 жылдың соңында Троицк қаласына ат басын тіреді. Мұндағы жағдайлардың желісі мұны қайта рухани оқу орнына түсуге мәжбүрледі, дәрістер араб тілінде жүрді. Орыс тілімен әдебиетің Сұлтанмахмұт өздігінен меңгерді. Біраз уақыттан соң оның табандылығы өз нәтижесін берді, ол орыс ақын- жазушыларының түпнұсқа түріндегі шығармаларын оқыды.

Туберкулез індетіне шалдығып, 1913 жылы Троицкідегі оқуын тастауына мәжбүр болды.

Жыл соңына дейін ол Баянауылда емделді, кейін қайта Троицкігі оралып, «Айқап» журналының редакциясында жұмыс істеді, жастарды білімге баулуға бағытталған туындыларды жазды.

1914 жылы революцияға кейінгі кезеңнің ең үздік туындысы «Қамар сұлу» романы жарық көрді. «Қамар сұлу» романы қазақ әдебиетінде мәні зор туындыларды бірі.

1915 жылы «Кім жазықты?» өлеңдер желісінде құралған романды аяқтайды.

1916 жылдың соңында Томск қаласында курсқа түседі.

1917 жылдың наурызында Семей қаласына келді, бірақ денсаулығының жағдайының күрт төмендеуіне байланысты Баянауыл жеріне оралды.

Сырқатына қарамастан «Шоң» атты үйірме ұйымдастырады, жастармен мәдениет-ағарту қызметімен айналысады.

1918 жыл «Адасқан өмір» атты поэмасы және бірқатар өлеңдерінің жарық көруі атаулы болды.

Революция кезінде торайғыров Шідерді болысының революциялық комитетінің төрағасы болып тағайындалды, Кеңестер жұмысына белсенді қатысты.

Ақынның көп жылдар ауырған туберкулездің жаңа асқынуы 1920 жылы 21 мамырда Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірін қиды.

Қазақ мәдениетінің әйгілі ақыны, ірі қайраткері, өз елінің алға ұмтылуын аңсаған белсенді күрескер 27 жасында дүниеден өтті.