A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, ақысыз интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

«КітапFЕST» кітап фестивалі

20 Сәуір 2017

2017.04.20 03 2017.04.20 04

20 сәуір күні кітапханада Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «КітапFЕST» кітап фестивалі өтті. Фестивальдің бағдарламасында: «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының бастауы; «Біз біргеміз» кітап мерекесі, кітап дефилесі, «Әлемге ақын қөзімен қарағанда» облыстық буктрейлерлер конкурсын (О. Григорьеваның шығармашылығы бойынша) қорытындылау, павлодарлық ақын Ш. Байғалының жас ақындар үшін өткізген мастер-класы.

2017.04.20 05 2017.04.20 06

«Бір ел – бір кітап» акциясы шеңберінде 2017 жыл кітабы ретінде С. Торайғыровтың шығармалары таңдалды. Облыстық кітапхана «Павлодар Торайғыровты оқиды» бейнежобасын ұсынды, мұнда ақынның өлеңдерін павлодарлықтар – әртүрлі кәсіптер, этностар, конфессиялар өкілдері оқыды. Жобаны қолдағандар: «Қазақстан – Павлодар» телеарнасы, Павлодар облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы, Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіт, Павлодар мұнай-химия зауыты. Мереке қонақтары үшін «Бейін мен сөздің суретпен үйлесімі» кітап көрмесі жұмыс істеді.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту