A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, ақысыз интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

«Мен техникалық мамандықты таңдаймын» кәсіптік сағаты

20 Сәуір 2017

2017.04.20 09 2017.04.20 10

20 сәуірде кітапханада «Кәсіптік бағдар. Техникалық білім. Жұмыспен қамту» жобасы шеңберінде №11 кәсіптік орта мектебінің 9-сынып оқушылары үшін «Мен техникалық мамандықты таңдаймын» кәсіптік сағаты өтті.

Оған Павлодар техникалық сервис колледжінің және Павлодар құрылыс және коммуналдық шаруашылық колледжінің өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушылары қатысты. Оқу орындарының «Автомеханик», «Электрмен және газбен дәнекерлеуші», «Фрезерші», «Сылақшы», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, оны жөндеу және пайдалану», «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандықтарымен таныстыру ұсынылды. Оқушылар жарнамалық үндеухаттарды, жұмыс кәсіптерінің буклеттерін алды. Кітапхана қызметкерлері «Кәсіптер калейдоскопы» әдебиетінің шолуын, жаңа басылымдарды қарау-көрмесін дайындады.

 

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту