
20 сәуірде кітапханада «Біз баспа сөзімен доспыз» кітап дефилесі өтті. Қазақстандық және шетелдік авторлардың кітаптары ұсынылды. «Вернисаж» сән театрының модельдері көркем, карнавалдық костюмдерде кітаптар дефилесін өткізді.
Сән театрының басшысы О.Н. Харитонова «Өнер, оңтүстіктің жылы күзі, сиқыршы, кешкі ертегі» киім топтамасын ұсынды. Сахнада театрдың негізгі құрамы мен кіші тобы өнерін көрсетті. ПМПИ студенті Әлнұр Сейітқұлова Абай өлеңдерін оқыды, Құрманғазы атындағы №1 музыкалық мектептің оқушысы Роман Новосельцев «Көктем сарындары» әнін орындады.