A- A A+

Құрметті оқырмандар! 2017 жылдың 25 қазанында сағ.:15.00-де облыстық кітапханада Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған «Азаттықты аңсаған Алаш» атты дөңгелек үстел өтеді. Сіздерді дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз.

«Біз біргеміз» кітап мерекесі

21 Сәуір 2017

2017.04.21 01 2017.04.21 02

20 сәуірде облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде "Біз біргеміз" атты кітап мерекесі өтті. Павлодар қаласының Әлеуметтік қызмет көрсету Орталығының қамқорлықтағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Баршамызға бір әлем" кезекті библиотерапия сеансы өтті. Сабақ барысында рефлексия элементтері, суреттік арт-терапия, тыныс алу гимнастикасы, фонематикалық сеанс пайдаланылды.

"Ертегі сабақты" бекіту үшін "Суретті жинап ал” атты бірлескен түрінде шығармашылық тапсырмалар, ойындар және дауыстап оқу қолданылды. Бұрын оқылған ертегілер сарыны бойынша балалар "Ертегіге саяхат" көрмесіне суреттерін дайындады. Мерекеде «Ғажайыпқа толы туған өлкем» балалар шығармашылығы фестиваліне қатысты шығармашылық жұмыстарының коллекциясы ұсынылды. Ең белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Мереке соңында "Кітап мозаикасы" жадынамалары таратылды.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту