A- A A+

Құрметті оқырмандар! 2017 жылдың 25 қазанында сағ.:15.00-де облыстық кітапханада Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған «Азаттықты аңсаған Алаш» атты дөңгелек үстел өтеді. Сіздерді дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз.

Пайдалану ережесі

«Павлодар облысы мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының С. Торайғыров атындағы облыстық біріктірілген әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ пайдалану Ережесі

Жалпы ЕРЕЖЕ

1.1. Осы ереже ҚР кітапхана ісі туралы Ережеге, 1995 ж. 29 наурыздағы №29 ҚР мәдениет Министрлігінің бұйрығымен бекітілген, 2002 ж., 8 мамырдағы ҚР ақпарат, мәдениет және қоғамдық келісім министрінің бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасында кітапханалық мекемелер қызметі туралы Ережемен бекітілген, «Павлодар облысы мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының « С. Торайғыров атындағы облыстық біріктірілген әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ (кейін-КММ ОБҒК) Жарғысына сәйкес дайындалды

1.2. «Павлодар облысы мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының
«С. Торайғыров атындағы облыстық біріктірілген әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ (кейін-КММ ОБҒК) қолжетімді кітапхана болып саналады, ол өз қорын және қызметін заңдық тұлғаларға олардың ұйымдастыру-құқық нысанына және жекеменшік нысанына, жынысына, ұлтына, саяси көзқарасына және дінге байланысына қарамастан пайдалануға мүмкіндік береді.

1.3. ОБӘҒК КММ – ақпарттық және мәдени-ағарту мекемесі, тұрғындарға кітапханалық-ақпарттық мәселелер бойынша әдістемелік және үйлестіруші орталық.

1.4. ОБӘҒК КММ негізгі міндеті кітапхана Жарғысымен айқындалған және кітаппен толықтыру, сақтауды қамтамасыз ету, қоғамның әр мүшесінің рухани және мәдени талабын қанағаттандыру мақсатында қорды нәтижелі пайдалану.

1.5. Кітапхананы пайдалану ақысыз. Жұмыстың кейбір түрі және қосымша қызмет көрсету ақылы болуы мүмкін.

ОБӘҒК КММ ПАЙДАЛАНУ ТӘРТІБІ

2.1 Кітапхана жұртшылықтың барлық санатына қызмет көрсетеді. 15 жастан 21 жасқа дейінгі оқырмандарға абонементте, оқу залдарында жасөспірімдерге қызмет көрсететін кафедра арқылы қызмет көрсетіледі. 16 жасқа дейін балаларға қызмет кітапхананың балалар бөлімінде(Луначарский көш., 9/2) ата-аналардың немесе қамқоршылардың кепілдігі негізінде қызмет көрсетіледі.

Соғыс және еңбек ардагерлеріне, мүгедектерге кезектен тыс қызмет көрсетілу құқығы бар.

Кітапханаға жазылу үшін азаматтар төл құжатын немесе оның орнын алмастыратын құжатты(студент билеті, зейнеткерлік куәлігі, іс-сапар куәлігі) көрсетеді.

Павлодар қ. Және Павлодар облысында тұрақты тіркелген тұлғаларға электронды оқырман билеті беріледі. Электронды оқырман билетін жоғалтып алған жағдайда басқасын алу қажет.

Кітапханаға келгенде берілетін бақылау парағы оқырманға кітапхананың барлық бөлімдерінің қызметін пайдалануға құқық береді.

Жылына бір рет оқырмандарды қайтадан тіркеу жүргізіледі.

Негізгі кітап қорынан оқу залына әдебиеттерді алу үшін үлгіге сәйкес шифр және тапсырыс берілген құжаттың библиографиялық деректері көрсетілген бланктерді толтыру қажет.

Әдебиетке тапсырыстың барлығы айқын толтырылуы керек. Қате толтырылған тапсырыс қабылданбайды.

Тапсырыс оқу залдарының, абонементтің әдебиетті беру кафедрасында жүргізіледі.

Берілген әдебиет бақылау парағында белгіленеді.

Кетерде оқырман бақылау парағын статистикалық есеп және бақылау секторына тапсырады.

Оқырман үйіне баспа басылымдарын және басқа материалдарды 15 күнге ала алады.

Жаңа журналдарды және аса сұраныстардағы басқа баспа басылымдарын пайдалану мерзімін әкімшілік шешеді. Анықтамалық басылымдардың жалғыз данасы, сирек және бағалы

шығармалар үйге берілмейді: оларды оқу залында пайдаланады.

Егер берілген әдебиетке басқа тапсырыс болмаса, пайдалану мерзімін ұзартуға болады, бірақ 2 реттен аспауы керек.

Қайтару мерзімін бұзған оқырмандарға әкімшілік шешімі бойынша айыппұл шаралары пайдаланады, кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады.

Қордың негізгі және қосалқы ғимараттарына оқырмандардың кіруіне рұқсат етілмейді.

2.9. Құжаттарды, кітапхана ғимаратын суретке түсіру, кино және фото суретке түсіру, телехабарлар кітапхана әкімшілігінің рұқсатымен жүргізіледі.

ОБӘҒК КММ жұмыс тәртібі дирекция шешімімен белгіленеді.
Күн сайын 11.00-нан 18.00 дейін
Сенбі-жексенбі 10.00-нан 18.00 дейін
Демалыс күні – жұма күні
Тазалық күні – әр айдың бірінші саны

Балалар бөлімі:
Сенбі-жексенбі 10.00-нан 18.00 дейін
Демалыс күні – жұма күні
Тазалық күні – әр айдың бірінші саны

3. АНЫҚТАМА-АҚПАРАТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ЖӘНЕ КІТАПХАНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ БОЙЫНША ОБӘҒК МІНДЕТТЕРІ

Кітапхана көрсететін қызметтің барлық түрлері туралы жұртшылыққа ақпарат беру, кітапханаға жұртшылықтың барлық тобын кең тартуға шаралар қабылдау.
Оқырмандардың ақпараттық сұранысын толық және жедел қанағаттандыру.

Оқырманға көпшілік, топтық және дара ақпаратты пайдалана отырып, кітапханалық, анықтама-ақпараттық қызметін жетілдіру.

Балалар және жасөспірімдерге оқуға бағыт беру, оқуды сүюді дағдыландыру, олардың кітапханалық-ақпараттық мәдениетін көтеру, тұлғаны адамгершілікке, қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеуге ықпал жасау.

Кітапхана қорында оқырманға керек шығарма болмаған жағдайда, оларға ЭҚЖ бойынша
сұраныс жасау қажет.

Мәдени қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және ақпарат көздерімен жұмыс жасау үшін жайлы жағдай құрып косымша қызмет көлемін кеңейту.
Қолға берілген басылымдарды кітапханаға уақытылы қайтарғанын жүйелі түрде қадағалау. Кітапхананың қорын тиімді пайдалануды және сақтауды қамтамасыз ету.

4. ОҚЫРМАНДАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҒЫ

Оқырмандар құқығы бар:

Мекен-жайы, оқу орны, жұмысы және демалыс орнына байланыссыз кітапхананы пайдалануға.
Баспа басылымдарын және басқа материалдарды үйге алуға немесе пайдалану үшін қордан оқу залдарына уақытша алуға
Кітапхана көрсететін анықтама-библиографиялық және ақпараттық қызметті және ақысыз және ақылы қызметтің басқа түрлерін пайдалануға.

Оқырмандар үшін кітапхана өткізетін барлық шараларға қатысуға. Кітапхана аймағында уақытша тұратын азаматтар кітапхананың қорын оқу залдарында пайдалана алады.

Оқырмандар міндетті:

ОБӘҒК КММ қорынан алынған құжаттарға ұқыпты қарап және оларды белгіленген уақытта қайтаруға.
Әдебиетті алғанда, оны тексеріп шығып егер кемістік табылса, кітапханашыға хабарлауға. Өйтпеген жағдайда, әдебиетті қайтарғанда табылған барлық кемістік үшін оқырман жауапты.
ОБӘҒК КММ кіргенде және шығарда, әдебиетке тапсырыс бергенде және алғанда, сонымен қатар кітапхана қызметкерлері талап еткенде электронды оқырман билетін көрсетуге, жоғалтып алған жағдайда кезекші кітапханашыға өтініш беруге.

ОБӘҒК КММ ғимаратында қоғамдық тәртіпті сақтауға.
Кітапхананың жиһаздарына және құрал-саймандарына ұқыпты қарауға

Оқырмандарға тиым салынады:

Өзінің электронды оқырман билетін немесе бақылау парағын басқа тұлғаларға беруге және бөтен адамдікін пайдалануға.

Оқу залдарына тираждалған құжаттарды, желімдегішті, ұстараны, қайшыны, 10х15 см. көлемінен биік портфельдерді, сумкаларды, мөлдір емес полиэтилендік сумкаларды, азық-түлікті алып кіруге.

Құжаттарда белгі салуға, шимақтауға, беттерін бүгуге, парақтарды жыртып алуға,суреттерді, карталарды, сызбаларды калька түсіруге.
Каталогтардағы және картотекалардағы карточкаларды және бөлгіштерді жұлып алуға, каталогтартардағы карточкалар тәртібін бұзуға

5. ОҚЫРМАНДАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

5.1 Кітапхана қорынан құжаттарды жоғалтқан, немесе оларға орны толмайтын нұқсан келтірген, оқырмандар осындай құжаттармен немесе кітапхана шешкен толықбағалымен алмастыруға (соның ішінде жоғалған құжаттардың көшірмесін), ал алмастыра алмаған жағдайда, 2002 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының кітапханалық мекемелерінің қызметі туралы Ережесінің 20п. сәйкес олардың құнының онесе көлемінде төлеуге міндетті.

Жоғалған, бұзылған құжаттардың құны, кітапханалық қорды қайта бағалауды өткізу нәтижесін ескере отыра, кітапхананың есептік құжаттарындағы бағамен айқындалады.

Кітапхана қорынан құжаттарды жоғалтқан, немесе оларға орны толмайтын нұқсан келтірген, жасы толмаған оқырмандар үшін, оларды қарамағына алған, олардың ата-анасы, қамқоршылары, оқу және тәрбиелеу орындары жауапты.

Кітапхананы пайдалану ережесін бұзған тұлғаларды әкімшілік белгілеген мерзімге ОБӘҒК КММ пайдалану мүмкіншілігінен айырады. Осы ережені бұзу туралы материалдар жұмыс, оқу орнындарына немесе мекен-жайына жіберілуі мүмкін.