A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, ақысыз интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

«Қасиетті жерлерге саяхат» акциясы

06 Қыркүйек 2017

2017.09.06 01 2017.09.06 02

Павлодар облысында қыркүйек сакралды жерлерге барудың айы болып жарияланды. «Қасиетті жерлерге саяхат» акциясының шеңберінде өлке тұрғындары Ертіс өңірінің сакралды картасында бейнеленген бірегей жерлермен танысады. Облыс мәдениет мекемелерінің басшылары тобының құрамында С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана басшысының орынбасары Б.Б. Байжанова Шарбақты ауданында орналасқан Ғабдул – Уахит хазіреттің кесенесіне барды. Кесене «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында орналасқан.

Бүгін де ел арасында ардақты ағартушы қазіргі Шарбақты ауданының құрамында дүниеге келген білімді, діншіл, молда, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының оқушысы болған. 15 жыл Бұқарада білім алып, еліне оралған соң мешіт пен медіресе ашты. Пайғамбарларға, имамдарға және қасиетті адамдарға берілетін хазірет атағы ие болды. Ғабдул – Уахит хазіреттің бойында адамдарға ықпал ету ерекше қасиеті бар болатын. Ол дұға арқылы емдеп, болашақты болжады, мұқтаждарға көмек көрсетіп, қасиетті адам ретінде құрметтелді. 1926 жылы қайтыс болған соң хазіреттің зираты мұсылмандардың қажылық жасау орнына айналды. Кейін 1953 жылы хазіреттің жерленген жерінде мазар тұрғызылды. Бірақ жиілеп кеткен орман өрттері оны айтарлықтай зақымдады. 2012 жылы Ғабдул – Уахит хазіреттің кесенесі салынды. Кесене қарағай орманымен қоршалған. Бұл жерде солтүстіктің ауа – райына төзімді қарағай ағашы өседі. Ол шайырлы сүрегі мен қылқанының арқасында суыққа аса төзімді. Қыста түспейтін қылқан балауызбен қапталған, соның арқасында ылғалды сақтайды. Қарағай ағаштары 600 жылға дейін өмір сүреді, олардың биіктігі 40-45 метрге дейін жетеді. Көктемде бұл ағаштар гүлдеп, ауаға фитоцидтерді бөледі, осы уақытта бұл жерге келу денсаулыққа пайдалы. Ғабдул – Уахит кесенесінің аумағында түнеуге болатын, барлық жағдай жасалған үй де бар. Павлодардан кесенеге дейін 150 шақырым. Арбиған ауылынан кейін жол бойында кесенеге жету жолы көрсетілген сілтемелер бар. Келушілерді шырақшы (молда) қарсы алады. Ол дұға оқып, хазіретке байланысты қызықты оқиғаны әңгімелейді.
хэштег рухани жаңғыру павлодар, рухани жаңғыру

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту