A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, ақысыз интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

«Тілдарын» облыстық олимпиадасы

08 Қыркүйек 2017

2017.09.08 01 2017.09.08 02

8 қыркүйек күні облыстық кітапханада Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Тілдарын» облыстық олимпиадасы өтті. Аталмыш олимпиада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы және Қазақстан халқы тілдерінің ХIХ республикалық фестивалі аясында ұйымдастырылды. Олимпиада мақсаты «Тілдердің үштұрғырлығы» мәдени жобасын іске асыру және қазақ тілін оқыту сапасын арттыру. Олимпиадаға 18 бен 22 жас аралығында 12 ауданнан үміткер қатысты.

Үміткерлерді үш тур бойынша 5 ұпаймен бағалады. Қазылар алқасының құрамында Инновациялық Еуразия университетінің филология ғылымдарының докторы, профессор, қазылар алқасының төрағасы Ғ.Е. Иманбаева, Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің ағылшын тілі оқытушысы, қазылар алқасының мүшесі Г. Қ. Ахметова, қазылар алқасының мүшесі облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Г.З Кокина және С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана әдіскері, қазылар алқасының мүшесі С.С. Жангазинова болды. Қазылар алқасының шешімімен 1-ші орын Шарбақты ауданының қатысушысы Каменова Гүлмира, 2-орын Качир ауданының қатысушысы Амринова Үміт және 3-орынды Екібастұз қаласының қатысушысы Оспан Мадина ие болып, алғыс хаттар және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту