A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

«Өмірдің мәні - оны білу» атты өлкетану сабағы

15 Мамыр 2018

2018.05.15 08 2018.05.15 09

15 мамырда облыстық кітапханада павлодарлық ақын Сергей Музалевскийдің 90 жылдығына арналған «Өмір мәні – оны білу» атты өлкетану сабағы өтті. Ақын, жазушы, журналист, археолог, суретші, зерттеуші Павел Васильевті зерттеуі - мұндай көп қырлы талант иегері Сергей Алексеевичке ғана тән еді.

Біздің өңіріміздің тарихында қандай із қалдырғаны, Павлодардың әдеби өміріне жасаған үлесі туралы мәліметті П.Васильев атындағы мұражайдың директоры З.С. Мерц №3 гимназиясының және ИнЕУ-дің мектеп-лицейінің оқушыларына баяндап берді. Бейнероликтер автордың ақындық мұрағатынан алынды. Әдеби өлеңдерін П.Васильев атындағы әдеби бірлестігінің төрайымы Т.В. Окольничия және кітапхана қызметкері А.К. Кадиров мәнерлеп оқып шықты. С. Музалевскийдің өлеңдері мен оған қатысты әдебиеттерге шолуды абонемент бөлімінің кітапханашысы Л.А.Химатова жүргізді.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту