A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз! Жазғы жұмыс кестесі - 9.00-18.00

Астана мен Вашингтон «Астана-Вашингтон: достық сәулеті» қаланың көрікті жерлерінің сайыс-көрмесінің қорытындысы

29 Маусым 2018

2018.06.29 01 2018.06.29 02

23 маусым күні Американдық бұрышта «Астана – Вашингтон: достық сәулеті», Астана қаласының 20 жылдығына орай Қазақстан мен АҚШ арасындағы екі жақтағы қарым-қатынастарды атап өтуге арналған макеттер жасау сайысының қорытындысы шығарылды.

2018.06.29 03 2018.06.29 04
Жобаның мақсаты - Астана мен Вашингтонның екі астананың тарихы мен мәдениетін құрметтеу, сондай-ақ шығармашылық және инженерлік қабілеттерін дамыту, STEAM - ғылым, техника, машина жасау, өнер және математика арқылы тәрбиелеу. Сайысқа Астана, Ақтөбе, Орал, Өскемен және Павлодар қалаларының оқушылары мен студенттері қатысты.
Балалар әдебиеті балалар шығармашылығы бөлімінің меңгерушісі Дана Рахимжанова балалармен бірге өзінің қарамағындағы жұмыстарды да қорғады. Павлодарлық қатысушыларына арналған байқаудың нәтижелері: 1 орын - Сарсембай Лаура, №22 ЖОМ, 6 сынып, 12 жаста; 3 орын – Абайдуллина Милана, № 39 ЖОМ, 2 сынып, 7 жаста. Гран-при иегері Астана күнін мерекелеуге барады. Балалар сайыстың ұйымдастырылғанына қатты риза болды, ал ата-аналар болса балаларға арналған мұндай байқаулардың жиі өткізілгенін тіледі.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту