A- A A+

Құрметті оқырмандар! 2017 жылдың 25 қазанында сағ.:15.00-де облыстық кітапханада Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған «Азаттықты аңсаған Алаш» атты дөңгелек үстел өтеді. Сіздерді дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

flag gerb gimn
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

 

Мемлекеттік гимн (1,46 Mb, mp3)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы салынған мөрге қойылтан талаптар

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы салынған мөр» ҚР СТ 1430-2005 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік органдары мен ұйымдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мөрлеріне техникалық талаптарды белгілейді. Осы стандарт Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік ұйымдары қолдануға міндетті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы салынған мөр (бұдан әрі - елтаңбалық мөр) мемлекеттік орган немесе ұйым басшының қолы қойылған өтінім бойынша дайындалады.

Мемлекеттік ұйым елтаңбалық мөрге тапсырыс беру кезінде өтінімге мыналарды қоса беруі тиіс:
- дәл, айқын, таза және түсінікті орындалған елтаңбалық мөрдің эскизі;
- белгіленген тәртіппен куәландырылған толық атауы бар Жарғының (Ереженің) көшірмесі.

Елтаңбалық мөрдің қалыбы сыртқы айналым бойынша шағын мәтін орналасқан құрсаумен шектеседі. Шағын мәтін елтаңбалық мөрді жасаушы-кәсіпорын туралы ақпараттан (жасаушының атауы, лицензияның нөмері және берілген күні, мөрді жасау жылы, айы және күні) тұруы тиіс.

Елтаңбалық мөр қалыбының ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасады. Елтаңбалық мөрдегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының көрсетілген бейнесі ҚР СТ 989-2008 талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының айналасында шағын мәтін орналасады. Шағын мәтін елтаңбалық мөрдің тапсырыс берушісі туралы ақпаратты, салық тіркеу нөмерін – СТН қамтуы тиіс.

Мемлекеттік рәміздері бейнеленген материалдық объектілерді даярлауға лицензиясы бар кәсіпорындар елтаңбалық мөр дайындау мүмкін.
Павлодар облысында "Дом Печати" ЖШС елтаңбалық мөр лицензиямен дайындайды (Павлодар қ., Ленин көш., 143, тел. 32-41-77, 32-77-09).

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы

Мемлекеттiк рәмiздер жөнiндегi республикалық комиссияның құрамын бекiту туралы

Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесін бекіту туралы

2015-2016 жылдарға арналған мемлекеттік рәміздерді, елді мекендердің, қалалардың, аудандардың, Астана және Алматы қалалары мен облыстардың нышандарын қолдану мен ілгерілету жүйесін жаңғырту жөніндегі жоспарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қағидаларын бекіту туралы

Мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі туралы ереже