Жазушы фантаст Наталья Антареспен кездесу

12 наурыз күні облыстық кітапханада «Истоки» әдеби-музыкалық клубының кезекті кездесуі өтті. «Моей любви кардиограмма» шығармашылық кеші павлодарлық ақын, жазушы фантаст Наталья Антарестің туындыларына арналды. Іс-шараға шығармашылық қоғамдастық өкілдері мен қаланың ЖОО студенттері қатысты.

Наталья Коленко (әдеби лақап аты - Наталья Антарес) Павлодар қаласының тумасы, 15 фантастикалық прозалық жинақтың, 4 өлең жинағының авторы.

Кездесуге қатысушылар шығармашылықтың барлық нюанстары туралы ақпарат алып, автордың орындауында өлең тыңдады. Шараға қатысқан Михаил Кохнович, Татьяна Корешкова, Наталья Млынцева Наталья Антареспен және оның шығармашылығымен қалай танысқандарын еске алды. Ал жастар өздерін толғандырған кітапты қалай шығаруға болады, болашақ жазушылар мен ақындарға не оқуға болады деген сұрақтарға жауап алды.

Кеш соңында, дәстүр бойынша, көктем мен махаббат туралы өлеңдер шырқалды.