«Шығармашылық демалыс академиясы» Жазғы оқуларының ашылуы

4 маусым күні облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде «Шығармашылық демалыс академиясы» Жазғы оқуларының ашылуы өтті.

Жазғы демалыс – кітапқа жаңа оқырмандарды тартудың, барлық келушілерге әдебиетпен танысуға шығармашылық кеңістік құрудың бірегей мүмкіндігі. Іс-шараның мақсаты: балаларды жазғы демалыстарда жүйелі түрде кітапханаға және оқуға тарту, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру.
№39 мектеп жанындағы жазғы лагерь оқушылары әдеби ойындар мен викториналарға белсене қатысты, ертегілік жұмбақтар және ребустер шешіп, көңілді мультфильмдер қарап, ән шырқады, сондай-ақ балаларға арналған әдебиет жаңалықтарымен танысты.