«Кітаппен бірге әлемді ашамыз» танымдық сағаты.

2 шілде күні балалар әдебиеті бөлімінде «Кітаппен бірге әлемді ашамыз» атты танымдық сағат өтті. Іс-шараға № 39 ЖОМ мектеп жанындағы лагерь балалары шақырылды.
Кітапханашылар кітапхананың жас оқырмандары арасында танымал кітаптарға шолу жасады, сондай-ақ жастарына қарай қажетті кітаптарды ұсынды. Содан кейін балалар ертегілер жолдарымен саяхат жасап, өздерін әйгілі ертегілердің кейіпкерлері ролінде елестетіп, «қазына үңгіріне» есік ашу үшін сиқырлы сөздерді іздеп, детективтерге айналды және сипаттама бойынша әдеби кейіпкерлердің фотороботын жасады. Балалар кезекті рет кітапхана - сүйікті әдеби кейіпкерлерімен уақытты қызықты өткізетін, сүйікті кітапшасын табатын және әрдайым қуанышқа толы орын екенін көздері жетті.