Владимир Гундаревты еске алу кеші

11 қыркүйекте облыстық кітапханада «Истоки» әдеби-музыкалық клубы қатысушыларының кезекті кездесуі өтті. «Моя вечерняя звезда» атты реквием кеші ақын, журналист Владимир Гундаревті еске алуға арналды. Іс-шараға  автормен жеке таныс болған адамдар, «Нива» журналының беттерінде мақалаларын жарияланған қалалық шығармашылық қоғамдастық өкілдері қатысты. Владимир Романович Гундарев осы журналдың негізін салушы және редакторы болған. Ольга Григорьева, Юрий Поминов пен Ирина Винтердың жылы естеліктері, В.Гундаревтің сүйікті өлеңдерін оқу кездесу атмосферасын ұмытылмастай етті.