Ұстаздан шәкіртке

19 желтоқсан күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың «Айна» галереясында белгілі жерлесіміз суретші, кескіндемеші, график және модельер, дизайнер Галина Яковлевна Беспалова шәкірттерінің көркемсурет көрмесі ашылды.

Галина Беспалова - Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі, «Құрмет» белгісінің иегері, облыстық, республикалық және халықаралық көрмелердің қатысушысы.

60-тан астам түрлі жұмыстар - бұл әр түрлі жастағы қатысушылардың кескіндеме, графика, декоративтік, оқу, көшірме жұмыстары. Егер 7 жасар Глеб Емельяновтың суреттері ашық, қанық түсті болса, Әділжан Мұсаның графикалық портреттері өте заманауи, стильді, өз жаңалығымен таң қалдырады.

Көрменің алғашқы көрермендері көркемсурет колледжінің студенттері, суретшілер, фотографтар, қаланың қоғам қайраткерлері, сонымен қатар облыстық кітапхананың оқырмандары болды. Ұстазды құттықтауға павлодарлық танымал суретшілер Ануар Игембаев, Евгений Фридлин, Александр Колодин, Юлия Мазина келді. Галина Беспалованың студенттерінен көптеген алғыс сөздер айтылды.

Көрме 2020 жылдың қаңтар айының ортасына дейін жұмыс істейді.