«Әлем таныған Абай» атты дөңгелек үстел

13 ақпанда «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде қазақ халқының ұлы ақыны, сазгер, ағартушы, қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Әлем таныған Абай» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы, С. Торайғыров университетінің профессоры, ф.ғ.к. Серік Елікбай, ПМПУ оқытушысы, ф.ғ.к., доцент Әділбек Әміренов, жыршы, Абайтанушы Даниял Әсенов және қала мешітінің имамдары, медресе шәкірттері, оқушылар қатысты, шара барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығы, философиялық терең ойлары жайлы әңгіме өрбіп, Абайдың қарасөздері мен өлеңдері оқылды.

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана қызметкерлері «Абай әлемі» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды, көрмеге Абайдың кітаптары, өмірі мен шығармашылығы туралы ғалымдардың еңбектері қойылды.