«В капле воды отражается мир» экологиялық сағаты

14 наурыз күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Дүниежүзілік су күнін» атап өту қарсаңында «В капле воды отражается мир» тақырыбымен экологиялық сағат өткізілді. Дәрісті балалар мен жасөспірімдер экология және туризм орталығының педагогы Серікбаева Әйгерім слайд көрсетілімімен өткізді.

Кездесуге дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Жас дарын» мектебінің 8 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар викторинаға белсенді қатысты.