«Композиция құрылымы және оның заңдылықтары» шеберлік сыныбы

5 мамыр күні облыстық кітапханада «PavlodART» ІІ бейнелеу өнері фестивалі аясында креативті шығармашылық орталығы ұйымдастыруымен «Композиция құрылымы және оның заңдылықтары» шеберлік сыныбы өтті. Сабақты павлодарлық суретші, Қазақстан Республикасының суретшілер одағының мүшесі Ақертіс Зекебайұлы Солтанбаев өткізді.

Кез келген суретті салу композициядан басталады. Композиция суретшінің ойына байланысты заттың қозғалыстағы немесе бір қалыпты қозғалыссыз тұрған қалпын көрсетуге жол ашады.
Сурет мазмұның ашу, пішімді нақты табу, шығарма көлемін табу, т.б. шешімдерді дұрыс беру - бұның бәрі композициялық құрылым элементтеріне байланысты екенін шебер қатысушыларға түсіндіріп, нақты көрсетті. Шеберлік сынып қатысушылары шеберді мұқият тыңдап, өздерін суретші ретінде сезініп, композицияны өздері жасауға тырысты.