Сиқырлы скрипканың ертегілері

«Сиқырлы скрипканың ертегілері» деп аталатын бұл көркем суреттермен безендірілген ғажайып кітапта танымал музыкалық шығармалар бойынша «Арт Мирай» қазақтың музыкалық мұрасын сақтау қорының құрылтайшысы Әсел Имайоның қиялынан туындаған ертегілер берілген. Бұл жай ғана ертегілер жинақталған кітап емес. Бұл, расында да, сиқыршы кітап. Себебі осы кітапты қолына алған кішкентай оқырманымыз QR-код (мобильді құрылғының камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін екі өлшемді штрих-код) көмегімен музыкалық шығармаларды тыңдау мүмкіндігіне ие болады. Ол үшін QR кодын сканерлеп, сілтеме бойынша өту керек. Кітаптағы суреттерді Нұр-Сұлтанның жас суретшісі Айсұлу Алмасбаева салды.