Алатау ертегілері

Сайран өзек салқам дала, сандал тау сахара шөл төрінде қиядан құс қайырып, күн кешкісін керуендетіп қайту қашанда қазақтың қанында бар. Қанда бар қасиет-ғұрыпты біз қаншалықты сақтап келеміз, қаншалықты насихаттап, ұрпаққа ұғындырып келеміз. Әсіресе, қолдан ұшырар қыран құстың қасиетін қаншалықты танып білдік екен? Міне, осы бір тектес жұмбақ-сауалдар турасында М.Етекбаевтың «Алатау ертегілері» ертекті ойдан ес-жадыға сақтар ерен де ерен, салауатты да сауапты жауаптар береді.

Егер етек басқан ұлыңыз қолда құс қондырып, жонда саят құрамын десе: «Алатау ертегілерінде» баласының балапан кезден ақиық қыран болғанға дейінгі өсіп-жетілуі, түзде түлеп, көкте шарықтауы, олардың
мінез-құлық қасиеттері сөз болады.