Криптовалюта дәуірі

Бұл - криптовалюта туралы жан-жақты айтылған әрі ұғынықты жазылған кітап.
Wall Street Journal шолушылары Пол Винья мен Майкл Кейси биткоиннің төлем құралы ретіндегі қауіптерін айтып, биткоин туралы ел аузындағы әңгімелерді жеке-жеке талдап, жаңа экономикалық шындықтың қандай екенін оқырманға түсіндіреді. Авторлар бұл кітапта биткоин мен криптовалютаның қазіргі әлемдегі рөлін анықтайды: «Биткоин мен криптовалюта қалай және қайдан пайда болды? Олар қандай қызмет атқарады? Киберэкономиканың жаңа әлеміне дайын болу үшін нені білу керек?»
Кітапта осы сауалдарға барынша анық әрі нақты жауап берілген. Кітап криптовалюталарға қызығатын және «биткоин» мен «блокчейн» терминдерінің астарында не жатқанын түсінгісі келетін кез келген оқырманға арналған.