«Қазақстан. Тарих. Елбасы» кітап көрмесі

Облыстық кітапханада «Нурсұлтан Назарбаев: жасампаздық дәуірі » тақырыптық апта аясында «Қазақстан.Тарих. Елбасы» атты кітап көрмесі ашылды. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Компартиясы ОК – нің бірінші хатшысы болып сайланған сәттен бастап елді басқарудың жоғары лауазымындағы 30 жылдығына арналған. Көрме бірнеше ондаған қазақ, орыс, ағылшын, түрік тіліндегі басылымдардан тұрады. Онда Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі, саясаттағы еңбегі оның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлі туралы айтылады. Көрменің ерекше бөлімі авторы болып табылатын Н.Ә. Назарбаевтың еңбектеріне арналған. Қазақстанды бүкіл әлемге танытқан барлық өзгерістердің бастамашысы болған Президенттің көзқарасымен жазылған жаңа Қазақстанның тарихын оқуға болады. Көрмеге Н.Ә. Назарбаев туралы серіктестері, отандық және шетелдік саясаттанушылардың жазған кітаптары да қойылды.