Кітапханада Аналар күні

12 қыркүйек күні облыстық кітапханада 15 қыркүйекте аталып өтілетін Аналар күніне арналған әдеби-музыкалық композиция өтті. Кездесудің атауы: «Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады/ Круговорот любви в семье». Іс-шараның қонақтары әйелдер - «Мөлдір» орталығының өкілдері.
№1 музыкалық мектеп оқушылары мен музыкалық колледж студенттерінің орындауында қазақ және орыс тілдерінде музыкалық қойылымдар орындалды. Орталықтың әйелдерін КЗ Қоғамдық қорының төрағасы Құсайынов Айтым құттықтады.
Іс-шара соңында әр қатысушыға балалар әдебиеті бөлімінің балалар шығармашылығы орталығы мен №1 балалар көркемсурет мектебінің оқушылары дайындаған естеліктер табысталды.
Аналар, нәзік жандыларға арналған басылымдар ұсынылған кітап көрмесі ұйымдастырылды.