Гете институтының тұсаукесері

Облыстық кітапханада Гете институтының өкілі Шолпан Қызайбаева неміс тіліндегі әдебиеттер қорын таныстырып, Гете институт туралы ақпаратпен, институт қызметі жайлы мәліметтермен бөлісті. Келушілер назарына онлайн кітапхана мен онлайн қызметтер туралы мағлұматтер беріліп қана қоймай елтану тақырыбында электронды ойын ұйымдастырылды. Белсенді қатысушылар сый-сияпаттарға ие болды. Сондай-ақ кітапхана қонағы облыстық кітапхана қорына неміс тілінде әдебиеттер, электронды ресурстар мен ойындарды сыйға тартты. Бұл ресурстар неміс тілді аудиторияға, неміс тілін үйренушілерге таптырмас көмекші құралдар болып табылады.